Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан берген мәлімдемесінде айтты.
- Мен елорда мен Алматыда ғана емес, еліміздің барлық өңірінде карантинді күшейтуді тапсырдым. Барша қазақстандықтарға сабыр сақтағаны үшін алғысымды айтамын. Біз дүрбелең тудыруға жол бермейміз. Дәл осы сәтте халық мемлекетке қолдау көрсетуі керек, - деді Президент.